Жыл үздігі – 2023! Осындай тақырыппен Алматы облысы Райымбек ауданында өңірдің дамуына өз үлесін қосқан әр сала үздіктері марапатталды. Салтанатты шара жайлы толығырақ тарқатсақ.

Аудан өз алдына отау тігіп қайтадан бөлінген бес жылдан бері атқарылған ауқымды жұмыстар жетерлік. Бұл жайында арнайы фильм түсіріліп жиылған көпшіліктің назарына ұсынылды. Аудан әкімі болса өңірдің күн санап қарқындап жатқан әлеуеті жайлы,келер жылғы ауданда аталып өтетін жоспарлары жайлы айта кетті.

БЕРІК ДҮЙСЕБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Салтанатты шарада бес азамат ауданның құрметті азаматы атағын алды. "Туған жер патриоты" аталымымен бір топ үздік кәсіпкерде сый құрметке бөленді.

ОСПАН ИМАНБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ «Осы ауданда туып өстік. Жастайымыздан еңбекке араласып, қолдан келгенше әр салад үлесімізді қостық. Енді бүгін міне ауданның құрметті азаматын беріп жатыр. Дән ризамыз. Жаңа жыл жақсылығымен укелсін. Ауданымыз өсіп өркендей берсін»

ЛӘЗЗАТ БОТАБЕКОВА КӘСІПКЕР «Мен бүгін жаңа жылдың қарсаңында осындай марапатқа ие болып отырмын. Ризамын. Біз өзіміз тараптан биыл Райымбек ауданындағы аз қамтылған отбасыларға 200 тонна, Кеген ауданына 100 тонна көмір босаттық. Сонымен қатар білмге құштар екі студенттің шәкірт ақысын төлеп алматы политехникалық университетінде оқытып жатырмыз. Алда тағы ел сенімін ақтауға барымызды саламыз».

Жалпы саны 20 ға жуық жыл үздігі марапатталды. Арасында дәрігер мен ұстаз, мемлекеттік қызметкер мен ауыл әкімі, құрлысшы мен мәдениет саласының қызметкері сондай ақ ауылшаруашылығы маманы, тіпті атбегіге дейін бар. Мерекелік шараның соңы аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.