Роман Скляр СҚО-дағы су басу қаупі бар аумақтарды аралады. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары жұмыс сапары барысында бірқатар ауылдағы бөгеттерді нығайту жұмыстарын тексерген. Бірақ жағдай күрделі көрінеді. Сондықтан ол тұрғындарды қауіпсіздік үшін 2 күн аралығында эвакуациялауды тапсырды. 

Роман Скляр алдымен Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында болды. Мұнда жалпы ұзындығы 1173 метрді құрайтың бөгет тұрғызылып жатыр. Қазіргі уақытта бөгеттерді нығайту үшін 50-ден астам техника мен 90-ға жуық адам жұмыс істеп, бөгетті 3 метр биіктікке көтерген. Бүгінде Тепличное ауылында 360 үй мен 889 тұрғын бар. Тұрғындар үшін 4 экакуациялық орын дайындалған.

РОМАН СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «2 күн уақыт беремін осы ауылдағы тұрғындарды қаласа да қаламаса да қауіпсіз жерге көшіру қажет. Кейін барлығын тексеріп техниканы көбейту керек».

Сапар аясында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Қызылжар ауданындағы Прибрежный ауылына да барды. Ауылда 500-ге жуық үй мен 1800-ге жуық тұрғын бар. Бұл жердеде бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

РОМАН СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Аз ғана уақыт қалды сондықтьан барлығымыз бірігіп жұмыс істеуіміз қажет. Нысандарда техника аз сондықтан барлығын көбейту керек. Жақын күндері су басу қауіпі ұлғаятын болса арнайы мобильды топ құрып сақтықта боламыз».

Роман Скляр мен Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы Ущев көшесінде орналасқан бөгеттің де су тасқынына дайындығын тексерді.

Ал Заречный кентінде 900-ден астам адам тұрады. Мұнда су басу қауіпінің алдын алу мақсатында 10 мыңнан астам топырақ салынған қап дайындалған. Сондай-ақ бөгетті де нығайту жұмыстары жүргізілуде.

РОМАН СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Мен біздің жұмыс істеп жатқан адамдарға сенемін. Бірақ маңызды с болғандықтан бақылау болу керек. Сондықтан егерде тағы да көмек керек болатын болса бізге айтсаңыздар барлығын шешеміз. Бұл бөгет жаңа болғандықтан жұмыс дұрыс жасалу керек».

Осылайша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары жауапты мамандарға барлық бөгеттерді бекіту жұмысын 3 күн ішінде аяқтауды тапсырды.