Семей қаласында орналасқан "Ақшын" сауда үйі өртенді. Тілсіз жау сауда нүктесінің бір қатар аймағын жалмады ,абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Бұл "Ақшын" сауда үйінің жоғарыдан түсірілген көрінісі. Тілсіз жау бірінші және екінші қабаттарда орналасқан бутиктердің үлкен алаңында жана бастаған. Ғимараттың ішін қатты түтін басқан. Қызыл жалынды ауыздықтауға 388 адам мен 48 бірлік техника жұмылдырылды.

ДИНА АМРЕНОВА  АБАЙ ПД  ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ КОММУНИКАЦИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: "Облыстық полиция басқармасы қалалық мәдениет үйінің ғимараттарында азаматтарды қабылдауды ұйымдастырды.15 тергеуші «Аршын» сауда үйінде болған өрттен зардап шеккендерден жазбаша арыздарды қабылдауда. Қазіргі уақытта алаңға бөлінген 300-ден астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қорғауда".

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Қызметкерлерге жоғары температура, жанғыш материалдардың көптігі, жеке құрамның жұмысына қауіп төндіретін ғимарат шатырының құлау қаупі жұмысқа қиындық туғызды. Үлкен өртке байланысты ондағы бірнеше көше қазір қоршауға алынды. Мамандар талдау жұмыстарын жүргізіп, өрттің себебін анықтауда. Өрт орнында полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен төтенше жағдайлар департаментінің анықтаушылары жұмыс істеуде.