Black Eagles және F-22 сияқты ондаған дыбыссыз ұшақтар Оңтүстік Корея астанасына жақын әскери әуеайлақтың үстінен ұшып өтеді. Сеулде жоғары пилотаж фигураларын көрсету арқылы ADEX аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібінің көрмесі ашылды. Оны екі жылда бір рет өткізеді.
Бұл Оңтүстік Кореядағы айтулы шара. Онда елдегі әзірленген «Boramae» жойғыш ұшағы таныстырылды. Жабық көрме залында General Electric-пен технологиялық ынтымақтастық аясында Hanwha Aerospace жасаған оның қозғалтқышы қойылған. Корей аэроғарыш өнеркәсібі қауымдастығының өкілі жаңа жойғыш - Оңтүстік Корея тарихындағы әскери активтерді дамыту бойынша ірі жоба екенін айтады.
ХАН БОН СУ – АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ: «Сеул ADEX - Оңтүстік Кореядағы аэроғарыш және қорғаныс технологияларының қазіргі және болашағын бір жерден көруге болатын жалғыз орын».
Көрмеде сондай-ақ F-35 жойғыш ұшақтары, FA-50 жеңіл шабуылдаушылары, К2 жауынгерлік танктері және К9А1 өздігінен жүретін гаубицалар сияқты басқа да авиациялық техникалар таныстырылды.Бұдан басқа, мұнда ядролық және зымыран шабуылдарын анықтауға арналған түрлі жүйелерді, мысалы, ұзақ қашықтықтағы зениттік зымырандардың радары, орта қашықтықтағы зениттік зымырандардың көп функционалды радары және корей үлгісіндегі «Темір күмбез» көп мақсатты радарларын көруге болады. Сондай-ақ, Nokmoo өзін-өзі басқаратын зымыран жүйесі мен Redback жаяу әскерінің жауынгерлік машинасы ұсынылды. Оңтүстік Корея үкіметі көрме оған қару экспортының әлемдік нарығының үлкен үлесін алуға мүмкіндік береді деп үміттенеді. Оның жоспарында - 2027 жылға қарай бес пайыздық үлеске қол жеткізу. Бұл жағдайда ел көлемі бойынша төртінші экспорттаушы болады. Биыл шараға 35 елден 550 компания қатысуда.