"

Солтүстік Македониядағы Преспа көліндегі ағаш айлақ бір кездері сумен қоршалып тұрған. Бірақ соңғы онжылдықтан бері мұндағы су деңгейі үнемі төмендеп келеді. Енді су айлағы құрлыққа айналмақ.

Преспа көлі Албания, Греция және Солтүстік Македония территорияларында орналасқан. Бұл Еуропадағы ең көне көлдердің бірі. Мұнда балықтардың, құстардың және сүтқоректілердің 2000-нан астам түрі мекендейді. Бүгінгі таңда ондағы су деңгейі 70-ші жылдардың аяғынан бері есептегенде шамамен 8 метрге төмен.

АЛЕКСАНДР ИЛИЕВСКИ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН:«Мен осы ауылда өстім. Біз үнемі айлақтан суға секіретінбіз. Әсіресе, 2018 жылы біз көбірек демалуға келіп жүрдік. Бірақ қазір көріп отырғаныңыздай, жағдай жақсы емес. Су азайып барады».

NASA суреттері көрсеткендей, 1984 жылдан 2020 жылға дейін көл бетінің 7% және өз көлемінің жартысын жоғалтқан.

ВАНЧО ВАСИЛЕВСКИ БАЛЫҚШЫ:«Соңғы 2-3 айда көл 36 сантиметрге төмендеді. Соңғы екі-үш күнде тағы 2-3 сантиметрге түскен. Деңгей әлі де төмендейді. Жаңбыр жаумайды. Қыста қар болмайды. Өзендер саяз болмақ. Көлге тек 1 өзен құяды. Басқа су көздері жоқ. Бұл табиғи апат».

Экологтар судың жоғалуының негізгі себептері жаңбырдың болмауы, булану және суару үшін суды шамадан тыс пайдалану екенін айтады.

ДРАГАН АРСОВСКИ БИОЛОГ:«Тарихта Преспа көлінің деңгейі бірнеше рет төмендеп, көтерілсе де аман қалған болатын. Соның салдарынан, көптеген жануарда биоалуантүрлілік сақталған. Бірақ қазір климат өзгеруде. Біз онымен енді қалай күресуге болатынын білмейміз. Өйткені біз көлге бұрынғыдай үйреніп қалдық».

БҰҰ көлдегі жабайы табиғаттың кейбір түрлеріне қауіп төніп тұрғанын да ескертеді.

МЕНДЕ ПАНДЕВСКИ ФЕРМА ҚЫЗМЕТКЕРІ:«Олар көл арқылы жер асты суларына еніп, барлық жерге таралады. Бұл жағдай Преспа үшін өте қауіпті болмақ».

Сынамаларға сәйкес, көлдің кейбір аудандарындағы судың сапасы соңғы айларда айтарлықтай төмендеген.