Солтүстік Қазақстан облысының орталығында XXIX республикалық фестивалі басталды. Мәдени шара қазақ өнерінің негізін салушы - Темірбек Жүргеновтың 125 жылдық мерейтойына арналады. Онда еліміздің әр қаласынан 10 театр ұжымы өнер көрсетіп, үздіктер анықталады.

Республикалық театр мерекесі Петропавлдағы қазақ театрының жаңа ғимаратында өтіп жатыр. Фестиваль басталмай тұрып, жүргеновтанушы-ғалымдардың қатысуымен брифинг өтті. Онда Т. Жүргенов жайында деректер айталып, фестивальдің өту барысы талқыланды. Жиын барысында сөз алған Қазақстанның халық әртісі, еңбек ері – Асанәлі Әшімов солтүстікқазақстандықтарды Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойымен құттықтады.

АСАНӘЛІ ӘШІМОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ, ЕҢБЕК ЕРІ Халықтың әл-ауқаты кеңеюі керек. Мәдениет, әдебиет, ғылым салалары күшеюі керек. «Мәдениеттсіз елде, ғылым жоқ елде  - ол ел болмайды» - деген М. Әуезовтың сөзі бар. Мал бағылады, егін егіледі, экономика түзеледі, жер қазылады, алтын табылады. Ал өнер, ғылым. Соның бәрі елді-елге тапсырады.

Салтанатты іс-шара аясында Сәбит Мұқанов атындағы драма театрының ғимаратында Темірбек Жүргеновтің еңбек жолынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылды. Онда көпшілік қауым қазақтың біртуар ақынының табысты шығармашылық ғұмырының қыр-сырымен танысты. Фестиваль барысында спектакльдерге баға беретін 5 сарапшы бар. Солардың бірі, театртанушы, өнертану докторы – Бақыт Нұрпейіс. 

БАҚЫТ НҰРПЕЙІС ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ Қазақша Ең алдымен жұмысты қараған кезде неге мән береміз? Бірінші режиссерлік жаңалығы бар ма. Актерлік өнерде қандай ілгерілеу бар. содан кейінге қазір театр өнерінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Әсіресе жас режиссерлер көп жаңалық әкеліп жатыр. Сол жаңалықтар, бүгінгі театр өнерінде қалай көрініс тауып жатыр? Біз соған көбірек мән беретін боламыз.

Қазақстан театрларының 29-шы республикалық фестивалының алғашқы күні. Іс-шара шымылдығы Түркістан музыкалық драма театрының «Мағжан» спектаклімен ашылды.

Қойылымда алаш қозғалысының қайраткері, ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығынан бөлек, ашаршылық кезіндегі жан күйзелісі мен ішкі өзгерісі бейнеленеді. Алаш ардақтысының рөлін сомдауға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер Еркебұлан Дайыров таңдалған. Ал Мағжанның ғашығы Гүлсімді Зарина Кәрмен сомдады.

ЗАРИНА КӘРМЕН ТЕАТР ЖӘНЕ КИНО АКТРИСАСЫ Бұл спектакльдің дайындығы бірнеше кезеңге бөлінді. Ол режиссер Италиядан келген. Сондықтан оның декарациясы бар, сценарийі бар. Жалпылама айтқанда бұл енді бір жылға жуық жасалған жұмыс. Түркістан театрын өздеріңіз білесіздер, тәуелсіз алаң секілді. Шақырылған әртістер бар.

 Өнер байқауы он бесінші қазанға дейін жалғасады. Спектакльдер  қазақ театрының жаңа ғимаратынан бөлек, Н.Погодин атындағы орыс-драма театрында да қойылады. Көрермен алдында әлемдік және отандық шығармалар сахналанады.