СҚО Қызылжар ауданы Долматово ауылы маңында археологиялық экспедициясының 20-шы далалық маусымы аяқталып жатыр. 50 ге жуық студент қазба жұмыстарын 1968 жылы археолог Анатолий Плешаков ашқан Ақ Ирий қалашығындағы далалық лагерьде жүргізуде. 

Биік үшбұрышты мүйістің үстінде орналасқан, екі жағынан өзеннің биік жартастарымен қоршалған Ақ Ирий қалашығы бекініс ретінде қызмет атқарды. Қазба жұмыстарын жүргізу кезінде тұрмыстық заттар, жануарлардың сүйектері табылды. Қазір археологтар одан алыстау орналасқан құрылымдарды зерттеп жатыр.

АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ  М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ: «Біз бұл жерде құрылымдарды таптық. Бірақ оны дұрыс зерттеп қазуға уақытымыз болмады. Көріп тұрғандарыңыздай бірінші құрылымда оның көлемі мен күмбезді қабырғалары өте анық көрінеді. Кірпіштерге қарағанда бұл Орта ғасырға жатады. Құрылымның түбіне жету үшін 3 жыл қатарынан қазып жатырмыз. Қазірдің өзінде, металл өндірісін айқындайтын қож және нысанның қабырғаларында пайда болған смальтадан ұзақ жандыру процесінің болғанын байқаймыз. Сондай-ақ, жақын жерден табылған сиыр мен жылқының қалдықтары –етті ыстау процесін қолданғанын көрсетеді. Нысанды: металл балқыту және ет ыстау мақсатында пайдаланған сияқты. Өз басым Еуразиялық кеңістіктегі мұндай құрылымдарды білмеймін. Бұл ескерткіштің жаңа түрі. Алда талай жұмыс жүргізетін  боламыз.» 

Зерттеу жұмыстары Ә. Марғұлан атындағы Археология институты және Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Студенттердің далалық лагерьдегі тәжірибелері 3 аптаға созылады. Бұл олардың ежелгі артефактілермен жұмыс істеудің ерекше тәжірибесі.Мұнда білім алушылардың зерттеу дағдылары қалыптасады. 

СӘРСЕНБАЙ МЕЙРАМБЕК  СТУДЕНТ: «СҚО Манаш Қозыбаев университетінің 1 курс студентімін.Жұмыс істеп жатырмыз. Біз қазба жұмыстарының барысында.Өңделген мүйіз таптым».

Болашақ тарихшылардан басқа, практиканы астрофизиктер де өтеді. Олар жұлдызды аспанды зерттейді, бақылау және деректерді жинау процесін жүргізуді үйренеді. Мұндай ғылыми зерттеулердің болашақ ғалымдарға берері мол.