Жазғы демалыс маусымы басталды. Бұл бойынша СҚО да биыл жалпы 11 сауықтыру лагері жұмыс істейді. Олардың тоғызы 10 маусым күні балаларды қабылдаса,қалған екі сауықтыру мекемесі су тасқынына байланысты жұмысын шілде айында бастамақ.  

Аймақтағы көктемгі су тасқыны салдарынан Қызылжар ауданындағы екі жазғы лагерь су құрсауында қалған тұғын.  Қазір сауықтыру орындарынан су толығымен тартылып, кептіру жұмыстары жүргізілген. «Орленок» лагерін қазір қайта қалпына келтіру жұмыстары басталған. Ал «Серебряный бордағы» жөндеу жұмыстары келесі аптаға жоспарланған. Айта кетейік, СҚО-ның Айыртау, Уәлиханов пен Ақжар, Тимирязев және Мамлют аудандарында жазғы сауықтыру лагерлері жоқ. Сол себепті, бұл ауданның оқушылары басқа жақта демалуға мәжбүр.Сонымен қатар, өңірдің түрлі санатқа жататын және тасқын судан зардап шеккен 522 баласы биыл Ақмола облысы Бурабайда «Қазақстан халқына» қоры есебінен демалатын болады. 

МАФРУЗА НАУАНОВА СҚО  БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:  
«Биыл облыста жалпы алты мыңнан астам бала жазғы лагерьге барады деп жоспарланған. Мемлекеттік сауықтыру орындарының жолдама  бағасы 35мыңнан басталса, сенімгерлік басқаруға берілген 2 лагерьде 50мың теңге. Ал Тайынша ауданының қарамағындағы бірақ Бурабайда орналасқан «Эделвейс» лагеріне жолдама 65мың теңге мен 100 мың теңге аралығында. Бірақ Тайынша ауданының балалары бұл сауықтыру орнына 35 мың теңгемен бара алады».