СҚО Мәмлүт ауданының Бексейіт ауылында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып,нәтижесінде екі адамды күйік шалған. Төтенше жағдай туралы хабарлама 5 қаңтар күні сағат 19:43-те Мәмлүт ауданының нөмірі 15 өрт сөндіру бөліміне келіп түскен.

Жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 2 шаршы метр алаңды шарпыған. Термиялық күйікпен 1940 жылы туған әйел мен 2002 жылғы немересі ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта зардап шегушілердің жағдайы жақсы.