Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тайынша қаласында жеке кәсіпкер өз қаражатынан 15 млн теңге шығарып, бос тұрған ғимараттан заманауи үлгіде бүлдіршіндерге арналған ойын-сауық орталығын ашты.

Ғимарат 700 шаршы метрдан тұрады. Оның 500 ш.м балаларға арналса, қалған 200 ш.м дәмханаға бағытталған.

САЛТАНАТ НҰРАХМЕТОВА  ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: «Мұнда осындай балаларға арналған ойын ойнайтын жер болған жоқ. Біз Көкшетау қаласына барып жүрдік бәріміз. Көп қаражат кетеді оған. Сосын идея басталды. Осында ашайын деп, көмегі болады деп адамдарға. Енді балалар ойнап жатыр. Бүгіннен бастап біз жұмыс істей бастадық».

Барлық құрал-жабдықтар жаңа әрі сапалы үлгіде Алматыдан әкелінген. Орталыққа 1 жастан 12 жасқа дейінгі 50 шақты бала келе алады. Қала тұрғындары да орталықтың ашылғанына қуанып, өз қолдауларын білдірді.

ӘМИНА ҚҰНАНБАЕВА  ТАЙЫНША ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бұрын жақын жер деп Көкшетау қаласына апаратын едік балаларды. Қазір өзімізде ашылып қуанып жатырмыз. Біріншіден Көкшетауға барғанда екі кішкентай баламен өзім апарған кезде жолыма барып-келгеніме 15 мың кететін, ақысы бар дегендей. Қалта шығындары өте көп кететін. Уақытымызды да көп жоғалтатынбыз».

Кіру ақысы 2000 теңге. Бірақ, уақытта шектеу жоқ. Сонымен қатар, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жеңілдіктер де қарастырылған.