СҚО «Бірлік»  ықшам ауданында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға баспана салу  жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Баспана бақытына бөленетіндердің қатарында Алла Насибулина да бар.

Алла Насибулина жаңа үйіне тамыз айының соңында қоныстанбақ.  Ол   күнде «Бірлік» ықшам ауданына келіп,жаңа баспанасын көріп кетеді. Қарқынды жүріп жатқан жұмыстарды көргенде көңілі көтеріліп қалады.

АЛЛА НАСИБУЛИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Қандай сезімде тұрғанымды айтып жеткізе алмаймын. Жақын арада үйім дайын болады. Көзді ашып-жұмғанша барлығы тез болады деп ойламаппын. Көмектесіп жатқан және бізді назарсыз қалдырмаған жандарға алғысым шексіз». 

Алланың  Ойқала ықшам ауданында орналасқан үйіне  су төбесіне дейін жетіпті. 1959- жылы тұрғызылған үйі осыдан бірер күн бұрын бұзылған. Ал тұрғын әзірге туыстарын паналап отыр. 

АЛЛА НАСИБУЛИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Мен ескі үйімнен мүлде кеткім келмеді. Су тасқынына дейін жақсылап жөндеу жұмысын жүргізген едім. Болған оқиғаны ұмыту үшін мен волонтер болып, халыққа көмектестім. Азық-түлік тараттым. Өзім сияқты зардап шеккен тұрғындарды жұбаттым. Солай уақыт зымырап өте шықты».

Кейіпкеріміз жаңа баспанасына тамыз айының соңында орналасам деп ниеттеніп отыр.