Солтүстік Қазақстан облысында қыстың қаһарына мініп тұрғанына бір аптадан аса уақыт өтті. Ескерті елемегендердің  саны көбеймесе, азаяр емес. Салдарынан үсікке шалдыққандар күннен күнге артып келеді. Үсіктің негізгі себептері: далада ұзақ жүруден, жұқа киіну, спирттік ішімдікті ішіп далада қалғандар  дейді мамандар.

ЕКАТЕРИНА БЕЛОУСОВА ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Жыл басынан бері ауруханаға жарақат алған 1304 адам келіп, қаралды. Олардың 45-ін үсік шалған. Негізінен медициналық орталыққа науқастар аяқ-қолдарын сындырып түсіп жатыр. Жарақат бөлімінде оларға барлық тиісті ем-дом беріледі. Тәулігіне орта есеппен 50-60 адам медициналық көмекке жүгінеді».