Бүгін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен, «Тәуекел-Н-Алғабас» ЖШС,жергілікті әкімшілік жылыту маусымына қарсы атқарылған жұмыстары жайлы баспасөз турын өткізді. Аталмыш мекеменің нысандары бойынша  2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама төңірегінде есеп берілді.

«Тәуекел-Н-Алғабас» ЖШС қазіргі таңда  Алматы облысына қарасты Қарасай,Талғар аудандарын Алматы қаласының Наурызбай және Алатау аудандарын табиғи газбен қамтамасыз етіп отыр.Мекемеде Қарасай ауданы бойынша 40 мыңға жуық,Талғар ауданында 25 мыңнан аса абонент бар. Аталмыш мекемеге 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаларына 387 млн көлемінде қаржы бекітілген. Оның ішінде 2022 жылға арналған 77 млн теңге толық игерілген. Қаржы газ құбырларын реконструкциялау,  тозған құралдардың және апаттық жағдайлардың санын азайту,тұтынушыларды сапалы және үздіксіз көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін жұмсалған.Жылыту маусымына орай бірқатар жұмыстар атқарылған.  Мекеме тарапынан дайындалған іс шаралар толығымен орындалды. Бүгінгі таңда қысқы мерзімге сақадай сай.

РҮСТЕМ ӨТЕМБАЕВ «ТӘУЕКЕЛ-Н-АЛҒАБАС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

«Газға қосылу мәселесіне келетін болсақ біздің мекемеміздің газ таратып отырған аумақтарында газға қосу мекемелері Алматы облысының әкімшілігімен ақылдаса келе биылғы жылы Нұрбаев Молдияр Қылшықұлының тапсырмасымен және әкімдіктің келісуімен 350 мыңнан аспау туралы меморандумға қол қойылған болатын».

Көгілдір отынға қосылу үшін трубалар,керекті құрылғылар барлығы бүгінгі күнде жоғары баға тұрады. Соған қарамастан халық игілігі үшін бағаны бір қалыпты ұстау біздің басты мақсатымыз дейді мекеме қызметкерлері.

РҮСТЕМ ӨТЕМБАЕВ «ТӘУЕКЕЛ-Н-АЛҒАБАС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

«Оның ішінде әр санаттағы азаматтарға жеңілдіктер қарастырылған. Бірінші топ екінші топ мүгедектерге,алтын және күміс алқалы аналарға,ауған соғысы ардагерлеріне,тыл еңбеккерлеріне және Ұлы Отан соғысы ардагерлері тұрып жатқан үйлер және мешіт мекемелері бар басқа да әлеуметтік мекемелерге өз тарапымыздан жасалып жатқан жеңілдіктер бар.Атап айтар болсақ алтын алқалы аналарға 50 пайыз,күміс алқалы аналарға,ауған соғысы ардагерлеріне,бірінші екінші топ мүгедектігі бар адамдарға 30 пайыз жеңілдік қарастырылған. Айта кетерлігі сол санатқа жататын азаматтар сол үйдің меншік иесі болуы керек».

Тариф бағамының қол жетімділігі табиғи монополияларды реттеу департаментімен бақыланып отырады.

ГҮЛМИРА ӨТЕГЕНОВА ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі баспасөз туры «Тәуекел-Н-Алғабас»  ЖШС нысандары бойынша өткізіліп отыр.

Алда қылышын сүйретіп қыс келеді.Аталмыш мекеме халықты тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін кешенді шараларын жүзеге асырып отыр.Сондай-ақ сапа мәселесін де назардан тыс қалдырмақ емес.