Талдықорғанда бой жеткенге кеңсе пышағымен шабуыл жасалды. Желіде ер адамның қызға шабуыл жасаған жантүршігерлік бейне жазбасы тарады. Салдарынан 27 жастағы тұрғынның мойыны кесіліп, басқада дене жарақаттарын алған. Жәбірленушіні жедел жәрдем қалалық көпсалалы ауруханаға апарып, жарақаттарын тіккен. Қазіргі уақытта оның жағдайы қалыпты. Алдын ала ақпар бойынша қасақана қылмыс жасауға оқталған азамат, бой жеткеннің танысы болып шықты. Алдымен ұрып құлатып, буындырмақшы болады, артынша суық қару алып жүгіреді. Оқиға орынында болған тағы бір азаматша араша түседі,оған да шабуыл жасалады. Күдікті бір күні бойы полиция қызметкерлерінен жасырынып,қолға түсті. Алайда екі күндік қамаудан соң үй қамағына жіберілген. Бүгін осы іске қатысты жауапты орган өкілдері журналистердің сауалына жауап берді.
РУСЛАН ЧАРАПИЕВ- ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: «Полиция қызметкерлері жәбірленушінің 35 жастағы танысы болып шыққан күдіктіні анықтап, ұстағанын хабарлаймыз. Кәзіргі уақытта күдікті полицияға жеткізілді, тергеуші істі адам өлтіруге оқталу бойынша қайта сараптап, прокурормен келісілді. Тергеумен облыстық полиция департаменті, ерекше бақылауға алынды».
ҚАЙСАР МҰХМЕТОВ - ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: «Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша, облыс аумағымызда 26 отбасы, тұрмыстық саладағы қылмыстық іс қозғалды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 4 дерекке артық. Осындай отбасылық тұрмыстық саладағы қылмыстардың алдын алу мақсатында облыстық полиция департаментінің қызметкерлері күнделікті түсіндіру жұмыстарын оның ішінде үкіметтік емес ұйымның қоғам мүшелерімен бірлесіп халық арасында насихаттау жұмыстары жүргізілуде».
Талдықорғанда бой жеткенге кеңсе пышағымен шабуыл жасалды
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 381 рет қаралды