Демалыс базасындағы атыс. Талдықорғанға демалуға барған ер адамдар өзара сөзге келіспей қалып, оның арты төбелеске, төбелес соңы атысқа ұласты. Салдарынан бір адам басынан жарақат алды.  Мына видео әлеуметтік желіде бірден тарап кетті. Видеоны жариялған парақша «Мәдени демалыстың жоқтығы осындай болады» деп жазған.

Айтпақшы, демалушылардың біреуі әскери қызметкер. Жетісу облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Төбелесті бастағандар анықталды, олардың бірі әскери қызметші болып шықты, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.