Алматы облысыТалғар аудандық білім бөлімі ұйымдастырған тәжірибе алмасу мақсатында облыстық әдістемелік ашық есік күні өтті.  Мектеп басшыларының әдістемелерін, ұстаздардың ұйымдастырушылық шеберліктерін айқындайтын шараға қатысып қайтқан едік.

Алматы облысы бойынша тоғыз аудан және бір қаланың мектеп басшылары мен ұстаздар қауымы,әдіскерлері қатысқан шарада ұстаздар озық тәжірибелерімен бөлісті. 

ГҮЛЖИХАН ИМАНХАТОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Аталмыш шараға аудандағы қосымша білім беру ұйымдары мен балабақшалары да тартылып отыр. Білім беру ордаларымен қатар осы ұйымдардың да ұстаздарының ашы есік аясында ұйымдастырылған көрмеге  қолтуындылары да қойылған.

АЙНАГҮЛ ҮШКЕМПІРОВА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ  БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан ауқымды шара барлық ауданда атқарылып болған соң мамыр айында педагогикалық форум өткізу жоспарланып отыр. Ең мықты деп танылған озық тәжірибелер сараланып қорытындысы шықпақ.