Жерүсті және әуе түсірілімдерінің нәтижелері бойынша Талғар өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан №19 табиғи су қоймасы қауіпті болып тұр. Қазіргі уақытта Талғар өзені бассейнінде жергілікті төтенше жағдай жарияланды.

№19 көл режимі бойынша 2021 жылдан бастап стационарлық емес көлге жатқызылды, яғни қыста көл толығымен босап қалады. Барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша көлдегі су көлемі соңғы жылдары 152,9 мың текше метрді құрайды. Жазда қауіпті сейілтудің ең тиімді жолы – суды сорғызу. Бұл шаруа күн суып, мұздың еруі азайғанға дейін жалғасады.

ДАСТАН ТҰРЛЫБЕКҰЛЫ «ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ» ММ ІЛІ АЛАТАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ «Көлде профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды. Диаметрі 200 мм сифондардың екі тармағы іске қосылды. Сонымен қатар 315 мм сифондардың бір тармағы да дәнекерленген. Қазіргі уақытта диаметрі 315 мм сифонның төртінші тармағын дәнекерлеу жұмыстары да жүргізілуде. Біз бүгін соларды іске қосуды жоспарлап отырмыз».

Қазір қауіпті аймақта 24 сағаттық бақылау жұмыстары жүргізілуде. Арнайы штат құрылып, 6 бірлік техника, 15 апаттық бригада жұмылдырылған. 

ДӘУЛЕТ ҚҰРМАНҒАЗЫҰЛЫ «ҚАЗГИДРОМЕТ» РММ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ БОЛЖАМДАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Тамыз айында Алматы және Алматы облысының тауларында жоғары ауа температурасы сақталады (+35°С, +39°С дейін ыстық), кей уақытта нормадан жоғары және одан жоғары болады. Жауын-шашын күшейіп, облыстың солтүстік жартысында, оңтүстігінде және Алматы облысының таулы етегінде қалыптыға жақын, жоғары климаттық норма күтілед»

Су деңгейі қауіпсіз деңгейге дейін төмендегеннен кейін көл бассейніндегі су көлемін азайту мақсатында дренаждық арнада бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.