Қыс мезгілінде табиғатқа шығатын демалушыларға ТЖМ құтқарушылары сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Себебі, қауіпсіздік шараларын сақтау - ең қажетті шарттардың бірі.

Төтенше жағдайлардың негізгі себептері: балық аулау кезінде мұздағы қауіпсіздік талаптарын сақтамау, жұқа мұз үстімен көлікпен жүру және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру. Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мамандар толық ақпараттар беріп, журналисттердің сауалына жауап берді.

АНДРЕЙ БЫБЧЕНКО ҚР ТЖМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ СҮҢГУІР-ҚҰТҚАРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: «Мұзды түсіне қарап білуге болады. Ең берік мұздың түсі мөлдір, көгілдір немесе көк болады. Ал сұр, сары, жасыл, басқа түстер мұздың жұқа екенін білдіреді. Мұздың қаншалықты берік екенін бұрғылау және қалыңдығын өлшеу кезінде ғана жүргізуге болады. Егер мұздағы қар жамылғысы болса, онда су қоймаларында, сондай-ақ қысқы балық аулау кезінде белгілі бір қауіпсіздік ережелері бар. Таяқ алып жүргеніңіз жақсы. Жаяу серуендеу кезінде сіз мұздың беріктігін таяқпен ұрып көру арқылы анықтай аласыз. Сондай - ақ мұзда болуы мүмкін шұңқырлар мен кедергілерді біле аласыз».

Сонымен қатар, қыс мезгілінде тауға шығу кезінде ерекше қырағалық пен дайындық қажет. Қауіпсіз сапар туралы ұсыныстарды еске сала отырып, құтқарушылар негізгі шараларды атап өтті.

АНДРЕЙ БЫБЧЕНКО ҚР ТЖМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ СҮҢГУІР-ҚҰТҚАРУ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: «Әрине, кез-келген жерге барған кезде (таулы, дала, орман) сол жердің ерекшелігін ескеру керек (қарлы жер, суының көптігі, жауын-шашын ескерілуі керек). Соған қарай біз өзімізбен бірге алып жүретін жабдықтар мен киімдерді таңдай бастаймыз. Рюкзакта болуы керек ең қажетті заттар: қосымша жылы шұлықтар, су өткізбейтін қолғаптар, жылы куртка, қалпақшалар, күннен қорғайтын көзілдірік, өйткені қыста күн көзді қариды. Сондай-ақ сіріңке, пышақ, фонарь және қосымша батареялар да керек. Ұялы телефонға қандай да бір қосымша қауаттау құрылғысы, өйткені олар қатып суықта қуаты тауысылып қалады. Егер сіз көмек сұрағыңыз немесе қоңырау шалғыңыз келсе, батарея отырып қалуы мүмкін екеніне дайын болыңыз».

Құтқарушының айтуынша, алдымен ҚР аумағында бекітілген балық аулау ережелерін сақтау қажет-балық аулауға рұқсат етілген жерлерді таңдап, жағалау бойындағы белгіленген белгілерге назар аудару қажет. Қалыңдығы 10 сантиметр болатын мұз жалғыз жүру қауіпсіз болып саналады. Бұған дейін Алматы қаласы ТЖД өкілдері хабарлағандай, төтенше жағдайлар болуы ықтимал қалалық су айдындарында «Абайлаңыз, жұқа мұз!», «Мұздан өтуге тыйым салынады!». Осыған байланысты құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздік шараларын бей-жай қарамауды ескертеді және ұсынады.