"Абай облысындағы 15 адамның өмірін жалмаған алапат орман өртінен кейін бізге ескі техника берілді". Осылай деген Успен орманшылығы қызметкерлері оларға басшылық қызмет барысында қолдану үшін осыдан 49 жыл бұрын шығарылған өрт сөндіру техникасын ұсынғанын айтады. Алайда, тозған техниканың жүргенінен гаражда тұрғаны көп дейді. Сондықтан, оны қолданбай, утильге жіберген жөн деп шағымданды. 

Я начальник ЛПС Успенского лечничество В.Е. Николаевич. Хотелось бы представить наши транспортное средство на котором мы данный момент работаем по тушению место пожара. Данный автомобиль был после крупного пожара передан с СПЧ города Семей. Год выпуска автомобиля 74 . Состояние неудовлетворительное. Ремонтировать пока не имеем возможности. 

Алайда, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Айтуларынша, ескі техниканы орман шаруашылығына 31 шілде күні берген. Яғни, қызыл жалынның кесірінен қолданыстағы техникалар жанып кеткенде ескі техниканы өрт сөніруге жіберуге мәжбүр болдық деп отыр. Ал алапат орман өртін сөндіру кезінде «Семей орманы» мекемесінің бес бірлік техникасы жарамсыз болып қалған екен. Енді олардың орнын толтыру үшін және орманшыларға жаңа өрт сөндіру техникасын алу үшін бюджеттен 1 жарым миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Техникаларды кезегімен жаңартып жатырмыз дейді. 

ТӨЛЕГЕН ГАЛЛЯМОВ "СЕМЕЙ ОРМАНЫ" МОТР" РММ БАС ДИРЕКТОРЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: «Сонымен қатар шілде айында DOS CAR  компаниясы JAC-6T маркалы 2 жоғары өтімді автокөліктің кілттерін табыстады. Аталғандардан бөлек қыркүйек айында «АҚ ЕРТІС» қоғамдық қорынан облыс Әкімі Ұранхаевтың қолдауымен тағы тағы басқа жабдықтармен қамтамасыз тілді, жеткізілді».