Токио көшелеріне автономды робот-курьер шықты. Ол мейрамханадан бірінші тапсырысты жеткізеді. Қызметті Uber Eats онлайн платформасы іске қосады.  Қазірдің өзінде Солтүстік Американың бірнеше қалаларында жұмыс жасауда.

ЭЛВИН ОО UBER EATS JAPAN ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Біз қазір Нихонбаши аймағында сынақ жүргізіп жатырмыз. Менің ойымша, тротуарлар және барлық басқа инфрақұрылымдар біз үшін қолайлы болмақ».

Робот сағатына 5,4 шақырым жылдамдыққа жете алады. Ол сондай-ақ адамдармен соқтығысудан немесе басқа кедергілерден аулақ болу үшін өзі тоқтайды. Сенсорлар мен камералар оларды анықтауға көмектеседі.

ЭЛВИН ОО UBER EATS JAPAN ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Роботтарды кез келген төтенше жағдайларға жылдам әрекет ету үшін үнемі бақылап отырады». 

Сіз жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін робот-курьер арқылы жеткізуге тапсырыс бере аласыз. Әзірге бұл қызметпен Нихонбаши аймағындағы бірнеше мейрамхана ғана жұмыс істейді, бірақ болашақта серіктестер көп болады.

ТОКИО ТҰРҒЫНЫ: «Бүгінгідей қолайсыз ауа-райында роботтарды қолданатын болсақ, бұл адам курьерлерінің жұмысын жеңілдетеді. Сондықтан менің ойымша, бұл өте жақсы».

ТОКИО ТҰРҒЫНЫ: «Халықтың қартаюы жалғасуда, мұнда жұмысшылардың жетіспеушілігі күрделі мәселе. Ал мұндай қызметтер оны шешуге көмектеседі. Бұл тек қалаларда ғана емес, халқы аз елді мекендерде де тиімді болуы мүмкін деп ойлаймын».

Әзірге клиенттер роботты көшеде кездестіруі керек. Болашақта ол тапсырыстарды кеңсе есіктеріне дейін жеткізу жоспарлануда.