Бір аптадан аз уақыт ішінде екінші Тынық мұхиттық дауыл Америка Құрама Штаттарының Батыс жағалауына жетті. Ол «Pineapple Express» деп аталды. Атмосфералық өзен Оңтүстік Калифорнияға қатты жаңбыр әкеліп, қала көшелерін су басып, көптеген көшкіндердің пайда болуына ықпалын тигізіп отыр.
Аризонаның оңтүстік-батысында да нөсер жауған. 35 миллионға жуық адам тұратын аймақтар зардап шекті. Бірқатар аймақтарда су тасқыны, қатты жел және қар жаууы сияқты төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды. Ұлттық ауа райы қызметі бұрын-соңды болмаған жауын-шашынды тіркеді. Оның айтуынша, жексенбіден бері елдің екінші үлкен қаласы Лос-Анджелес аймағында 250 миллиметрден астам жаңбыр жауған. Бұл атақты Беверли-Хиллз қалашығы.Мұнда көліктер мен үйлерді лай ағындар басып жатыр.
ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Біз Beverly Park Estate деп аталатын қаланың астында орналасқанбыз. Онда көптеген атақты адамдар тұрады. Мысалы, Адель жоғарыда тұрады. Бұрын Сильвестр Сталлоне де сонда тұрған. Қалашық шамамен 25 жыл бұрын салынған».
Құтқарушылар зардап шеккен аймақтардың барлығында көшкін қаупі сақталып отырғанын айтады.
КОДИ ВАЙРЕТЕР ҚҰТҚАРУШЫ: «Ауа райының әсерінен сел жүру қаупі жоғары болды. Қазір оқиға орнында жұмыс істеп жатырмыз. Шамамен жеті үй зардап шекті. Мұндай дауылмен су мөлшері артқан сайын әсер бірте-бірте күшейеді. Топырақтың қаныққандығы сонша, ол басқа суды сіңіре алмайтын деңгейге жетеді. Сол кезде топырақтың ауысуы орын алады».
Бірінші дауыл жексенбі күні Солтүстік Калифорнияда болды. Жүйе оңтүстікке қарай жылжыған сайын жауын-шашын көбейді.