"

Түтінсіз өнімдерді тұтынатын жастар қатары күрт артқан. Әсіресе 18 бен 30 жас аралығындағы жасөспірімдердің басым көпшілігі «айкос», «вейп» сынды электронды темекі шегеді. Олардың саны күн санап көбеюде. Сондықтан, бұл мәселені үкімет өзі реттеуі керек, электронды темекі болсын,  басқа да түтінсіз құрылғыларды болсын сатуға сертификат талап етілуі қажет дейді мамандар.Сондай-ақ олар, 21 жасқа толмаған тұтынушыларға онлайн сатуға тиым салыну керек және қаптамаларында «құрамында никотин бар, ол тәуелділік тудырады» деген жазуы болу керек деп санайды.

АЗАТ МҰХАМЕДИЕВ «СТРАТЕГИЯ» ҚК ЖОБАЛАРЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: «Никотин бар, сізде тәуелділік тудырады десе, адам тартынуы мүмкін. Никотин аз темекіге қарағанда, бірақ ұзақ қолдансаңыз тіуелділік тудырады деген сөз тұрса ол адам тартынуы мүмкін. Себебі, темекі шегу ол тәуелділік. Мен ешкімді лоббировать етіп жатқан жоқпын. Тиым салу да емес әңгіме, мемлекет тарапынан осы өнімдерді шектеу механизмдерін енгізу керек. Себебі, біз көріп отырмыз 10 жыл бұрынғы зерттеумен бүгінгі зерттеуде ешқандай айырмашылық жоқ. Демек, 10 жыл аралығында темекіге қарсы заңның дәрменсіздік жоқ. Құр тиым сала берумен мәселе шешілмейді.