Табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланып,қоршаған ортаға зиян келтірмей тұрақты дамуды көздейтін экономикалық модель-Жасыл экономика. Елімізде тұңғыш мектебі ашылған  Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгтың жасыл экономика және жаһандық сын-қатерлер дәуіріндегі тұрақты даму курсының сертификаттары түлектерге табысталды.

Жаһандану дәуірінде жасыл экономиканың дамуы өте маңызды мәселе. Жасыл экономика экологиялық тепе-теңдікті сақтау,энергияның жаңартылатын көздерін пайдалану және экологиялық таза технологияларды енгізуді көздейді.72 сағатқа жоспарланған курс елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл жоба игі жұмыстың бастамасы. Ғылым және жоғары білім министрлігі жасыл экономика жобаларын одан әрі қолдауға дамытуға дайын.  

РУСЛАН ТОҚТАРБЕКҰЛЫ ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ 

Жасыл экономиканың даму жолында атқарылар шаруа көп. Осы тұрғыдан еліміздің бірқатар ғалымдары Рае Квон Чунгпен бірлесіп жоба әзірлеуде.

ӘЗІМХАН  ӘБІЛҚАЙЫРҰЛЫ  ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ 

Шара барысында дәрістен өткен 20 адамға арнайы сертификаттар табысталды. Айта кетерлігі сертификат иелері мұнымен шектеліп қалмай осы сала төңірегіндегі мәселерге ат салысып,өз үлестерін қосады.