CACU-2023 Орталық Азия урологтарының конгресі – Еуропадан, Орталық Азиядан және Таяу Шығыстан 400-ден астам мамандарды біріктірген аймақтағы ең ірі салалық алаң. Бүгін осы жобаға байланысты Алматы қаласында әртүрлі мемлекет мамандарының қатысуымен ауқымды іс-шара өтті.
«Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының» бастамалығымен CACU-2023 конгрессі жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға әлемдік аты бар Еуропалық ғылым академиясының мүшелері, Венадағы Рудольфинерхаус клиникасының урология бөлімінің меңгерушісі профессор Боб Джаван, Неміс урология қоғамының президенті т.б шетелдік мамандар қатысты.
ӘНУАР ТҰРСЫНЖАНҰЛЫ CACU ПРЕЗИДЕНТІ ҚР ДСМ БАС УРОЛОГЫ: «Біз Орталық Азияның урология саласындағы достарымызды Қазақстанға шақырып, үлкен жиын өткізудеміз. Бүгін біздің ұйымдастырып отырған шарамызды 25 мемлекеттің уролог мамандары онлайн және оффлайн форматта көруде. Мамандармен өзекті мәселелерді белсенді түрде талқылап, тәжірибе алмасудамыз. Бұл Қазақстандағы урология саласының жетілуіне әкелетін тұрақты әрі үздіксіз іс-шара деуге болады».
Конференцияға 740-тан аса қатысушы тіркелген. Оның ішінде 500-ге жуығы іс-шара барысында қонақ болды. Конгрессте урологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу саласындағы соңғы ғылыми дәлелдер келтіріліп, талқыланды.
БОБ ДЖАВАН ЕУРОПАЛЫҚ УРОЛОГТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ CACU ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ ҚОСАЛҚЫ ТӨРАҒАСЫ: «Бұндай конгресс екінші рет өткізіліп отыр. Бұл – өте ауқымды әрі өзекті жоба. Себебі, жалпы әлемде еркектердің бір ғана проблемасы бар. Ол – қуық асты безінің проблемасы мен тас ауруы. Біз мұнда осы мәселе тұрғысында жаңа технологиялар арқылы емдеудің хирургиялық жолдарын көрсеттік».
Конгресс ғылыми-зерттеу, клиникалық және ағарту жұмыстарының соңғы нәтижелерін шоғырландыруға, әртүрлі мамандықтағы дәрігерлерге тәжірибе мен пікір алмасуға, әрі қарайғы қызметтің мүмкіндіктері мен келешегін талқылауға мүмкіндік береді.
МАРАТ АБЗАЛҰЛЫ Б.О.ЖАРБОСЫНОВ АТЫНДАҒЫ УРОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АНДРОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ, ПРОФЕССОР: «Мынау үлкен бір маңызды біздің жиылысымыз болып отыр. Бұл деген біздің урологтарға бүкіл жер шарының жаңа айтып жатыр Өзбекстан, Қырғыстан шетелдерден келгендер. Бұл Қазақстан деген Орталық Азияның ішінде алда келе жатқан орталық деп. Оған бізде қосыламыз. Көп жаңалықтар болып жатыр. Біздің жас урологтарымызға, бәрімізге үлкен маңызы бар».
Конгресс екі күнге жалғаспақ. Онда урологиялық практикадағы инновациялық тәсілдер, эндоурология мен нейроурологиядағы заманауи технологиялар егжей-тегжейлі қарастырылады.