"

Француз депутаттары көші-қон саясатын қатаңдататын заң жобасын мақұлдады. Дауыс беру парламенттің төменгі палатасында өтті. «Жақтап» 349, «қарсы» 186 депутат дауыс берді. 

Жаңа ережеге сәйкес, заңсыз мигранттарды елден шығару процедурасы жеңілдетілгенімен, отбасымен қайта қауышу, керісінше, қиындай түседі. Шетелдік студенттер үшін жаңа виза алымдары белгіленеді. Мигранттар да жеңілдіктерге қол жеткізе алмайды. Мысалы, балалар жәрдемақысы мен тұрғын үй субсидияларын Францияда бес жыл тұрғаннан кейін ғана алуға болады. Сондай-ақ, полицияға қарсы қылмыс жасаған қос азаматтығы бар азаматтар елден шығарылады. Сонымен қатар, заңсыз жұмыс істейтін мигранттардың Францияда болуын заңдастыру оңайырақ болады. Ішкі істер министрі Джеральд Дарманин жылына 7 мыңнан 10 мыңға дейін еңбекші мигрант тұруға рұқсат алып, жұмыс күші тапшылығын толтыра алады деп есептейді.

ЖЕРАЛЬД ДАРМАНИН – ФРАНЦИЯ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ: «Біз ұсынған заң жобасы 27 баптан тұрады. Ол құжатсыз жұмыс істейтіндерді заңдастыруға мүмкіндік береді. Ал мен жалғыз президенттің жалғыз үкіметінде жалғыз Ішкі істер министрі болатынымды мақтан тұтамын, оның аясында республика заңдарында құжаты жоқ, бірақ елімізде жұмыс істейтіндердің барлығын заңдастыру қарастырылған. » 

Өткен аптада парламенттің төменгі палатасының мүшелері заң жобасының Сенат мақұлдаған түпнұсқа нұсқасын қабылдамады. Солшыл саясаткерлер оны тым қатал, ал оңшыл саясаткерлер оны тым жұмсақ деп санады. Құжатты қайта өңдегеннен кейін тараптар ымыраға келді. Енді жаңа заңды парламенттің қос палатасы да қабылдады.