1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай «Мейірім мекені» орталығында бүлдіршіндерге арналған іс-шара өтті. Толығырақ алдағы бейнематериалда. 

Мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында жұмыс жасап жатқан «Мейірім мекені» орталығына биыл 3 жыл толады екен. Қазіргі уақытта орталықта 25 отбасы, оның ішінде 87 бүлдіршін өмір сүріп жатыр. 

НҰРСҰЛТАН СӘБИТҰЛЫ «МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Мейірім мекенінің бағыты – көпбалалы, жалғыз басты мұқтаж аналарға уақытша мерзімге, үш жыл мерзімге тегін баспанамен қамтамасыз етеміз. Аналарамыз, балаларымыз далада қалмасын деген ниетте, аяққа тұру мақсатында ашқан болатынбыз. Қазіргі болып жатқан мерекеміз, жылдық қорытынды, наурыз форматта балалар күніне арнап, мереке ұйымдастырып жатқан жайымыз бар».

Орталықта аналарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін арнайы жұмыс цехі ашылған. Балалардың алаңсыз өмірі үшін  ойын-сауық бөлмелері ашылып, толық жағдаймен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, орталық серіктестіктері, соның ішінде Асар-Уме қайырымдылық қорының қолдауымен 8 отбасы баспаналы болған. Бүгінде Алматы облысы, Алматы қаласы және Жетісу облысының партия филиалдары бірігіп, 25 отбасына азық-түлік түрінде және басқа да қажеттіліктер жағынан қайырымдылық көмектерін көрсетті. 

РИШАТ АСҚАРБЕКҰЛЫ РЕСПУБЛИКА ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Біз өзіміз басынан бастап осы жерде өмір сүріп жатқан азаматтардың жағдайын, осында қандай көмек керек екенін білеміз, қадағалап отырамыз. Негізінен бұл жерде әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылар өмір сүреді. Сондықтан, біздің партияның платформаларында саяси бағдарламаларда көрсетілген. Жалпы бұл әлеуметтік жағынан қамту, әлеуметтік жағынан көмек көрсету жағы да біздің жұмыстарымызға кіреді»

«Мейірім мекені» деп аталатын орталық  ғимарат жеке кәсіпкер Қайрат Реимовтың бастауымен салынған. Іс-шараның қадірлі қонақтарының қатарында кәсіпкердің анасы да болып, өз ризашылығын білдірді. 

МАРИЯШ СЕРІКБАЙҚЫЗЫ «МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ҚАЙРАТ РЕИМОВТЫҢ АНАСЫ: «Мұқтаж жандардың осындай шаттық күндерін көруді маған Алла нәсіп еткен екен. Осы күнді көргеніме өте қуаныштымын! Бүгін «Балаларды қорғау күні» дейді. Кейбір әкелер балаларын қорғаудың орнына, оларды тастап кетіп жатыр. Сондай балаларды да, әкелері мәңгілікке кетіп қалған балалрды да, инвалид ата-аналарға да осындай жәрдем беруді біз ұйғарып, менің балам жалғыз өзі осының бәрін тұрғызды, жасады. Аллаға мың да бір тәуба!». 

Ұйымдастырылған іс-шарада балалардың көңіл-күйлері көтеріңкі болып, әртүрлі сыйлықтар тарту етіліп, жылдық қорытынды бойынша үздіктер алғыс хаттармен марапатталды. 

МАРИЯШ СЕРІКБАЙҚЫЗЫ «МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ҚАЙРАТ РЕИМОВТЫҢ АНАСЫ: «Бүгінгі балалардың шаттық күні, қуанышты күні құтты болсын. Осы Мейірім мекенінен үлкен бір үй алып, әрқайсысы бір қожалық болып, үлкен бір ұрпақтар болып, үлкен бір ауыл болып, қала болып қалыптасуына мен тілекшімін! Соны көп тілеймін Алладан. Ешбір ана, бала жыламаса екен».