Алматыда ТМД мемлекеттеріне мүше елдердің шекара әскерилерінің қолбасшылары кеңесінің ұйымдастыруымен арнайы жиын болып өтті.Шараға Армения, Белорусь, Қазақстан,Ресей,Тәжікстан,Түркіменстан және Өзбекстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің өкілдері қатысты. Шекараның өтінде қызмет жасайтын әскерилердің жұмысы қашанда ауыр,оларға оқыс оқиға бола қалған жағдайда жедел медициналық қызмет көрсету өзекті.Бүгінгі басқосуға жиналған мамандар,осы мәселе төңірегінде пікір алмасып,бірлесіп қол ұшын берудің тетіктерін ортаға салды.

МАХАББАТ БАЛТАБАЕВ ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ӘСКЕРИ МЕДИЦИНАЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ,ПОЛКОВНИК:

«Әскери медициналық қызметшілер жетпейді бізге.Көбісі басқа салаларға кетуде,жалақының аздығы оған себеп.Дегенмен мемлекет тарапынан шекарашылардың жалақыларын 50 пайызға көтеруде.Биыл толықтыру мәселелері көтеріліп жатыр».

Шекара қызметінде еңбек етіп жатқан әскерилерге медициналық саланың қолжетімділігін арттыруға негізделген жиында,озық технологияны қолданудың қыр-сыры қаралды.Сондай-ақ ТМД елдері арасында медициналық нано жүйені жетік меңгеретін мамандарды даярлаудың күн тәртібі әңгіме өзегіне айналды.