ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті «ПК Asar Baspana» компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Олар қаржы пирамидасына басшылық жасады деген күдікке ілінді. Аталған компания жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген.

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ «Залал сомасы 700 млн теңгеден асады.Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз аталған қаржы пирамидасының қызметіне тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз».