Бүгін Алматы қаласы  Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мекттеп -гимназиясында Ұлттық құндылықтар-оқу процесінің өзегі тақырыбында қалалық семинар өтті. Шараға қатысып қайтқан тілші тарқатып берсін.

Ұлттық құндылықтарды оқу процесіне кіріктірудегі инновациялық тәжірибені тарату мақсатында өткен шараға қалалық мектептерден 60 қа жуық ұстаздар қатысты. Аталмыш мектептің әр пән бойынша білікті ұстаздары семинарға келген мұғалімдерге түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып ұлттық құндылықтарды шәкірттерінің бойына сіңдіру мәселелерін  ортаға салды.   

АСҚАР САРБАҒЫСОВ Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ №86 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Қазақ тілі мен әдебиеті,Тарих,биология,физика сынды бірқатар пәндер ұстаздарының жобаларына деген қызығушылық жоғары болды.Көркем сөздің зергері авторлық бағдарламасымен шараға қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досқазиева Ботагөз Ғ.Мүсірепов шығармаларын насихаттау арқылы құндылықтарды шәкірттердің бойына  сіңіруді қолға алған.

БОТАГӨЗ ДОСҚАЗИЕВА ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Шара барысында мектеп оқушылары Киіз басу биін билеп ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді. Игі бастама жалғасын таппақ.