Жаңа дизайн, қолма-қол ақшасыз төлем, жақсартылған “Комфорт” тарифі – inDrive қызметін жаңартуды Алматы және басқа да бірнеше қаладан бастады. Алдағы уақытта бұл жаңа мүмкіндіктер Қазақстанның барлық тұрғындарына қолжетімді болады.

inDrive – көлік және қалалық қызметтерге арналған жаһандық платформа – Қазақстанда жаңартылған қосымшасын таныстырды. Енді төлемді банк картасы арқылы жасауға болады. Соңғы жылдардағы ең ауқымды интерфейс жаңартуы жүзеге асты, ал “Комфорт” тарифіндегі автокөліктердің сапа стандарты артты. Жаңартуларға назар аударту мақсатында inDrive бірнеше ай бойы Алматы қаласындағы жүргізушілерден ұсталатын комиссияны толық алып тастады. Бұл – жүргізушілер бұрынғыдан да көбірек табыс таба алады деген сөз.

inDrive үшін Қазақстан – туған нарық. Компания осыдан 11 жыл бұрын дәл осы елде іске қосылып, бүгінде Алматыда өз тарихындағы ең ірі операциялық хаб құрды. Бизнесінің операциялық бөлігін дамытуға қоса, компания жүргізушілер мен жолаушылар үшін қосымшаның сапасы мен ыңғайлығын арттыруға да қомақты инвестиция салып келеді. Алайда 2025 жылдың көктемінде ұсынылған жаңартулар – соңғы бірнеше жылдағы ең ауқымды өзгерістер болды.

«Алматы – біз үшін маңызды қалалардың бірі. Мұнда біз көліктердің сапасын және қалалық сапарлар қызметінің деңгейін арттыруға басымдық беріп отырмыз. Мысалы, біз банк картасымен төлем жасау жүйесін кезең-кезеңімен енгізіп келеміз. Бұл – қолма-қол ақшасыз төлем жасағысы келетін жолаушылар үшін inDrive қызметін бұрынғыдан да ыңғайлы ете түседі. Қазіргі уақытта бұл мүмкіндік Алматы тұрғындарына қолжетімді. Картамен төлеу мүмкіндігі қосымшаны пайдаланушылар қатарын кеңейтіп, жаңа жолаушыларды тартуға жол ашады», – деді inDrive-тың Қазақстандағы кантри-менеджері Арай Бекембаев.

Жаңа дизайн. Ең алдымен, компания қосымшаның дизайнын жаңартты. Енді интерфейс анағұрлым заманауи әрі ыңғайлы. Жолаушыларға сапар түрін, көлік класын таңдауды жеңілдетіп, қосымшадағы өзге де қызметтерді (қалааралық сапарлар, курьерлік жеткізу, жүк тасымалдау) пайдалануға қолайлы болды.

Картамен қолма-қол ақшасыз төлем. Екіншіден, компания жолақысын банк картасы арқылы төлеу мүмкіндігін қосты. Енді жолаушылар өздеріне ыңғайлы төлем түрін таңдай алады: қолма-қол, Kaspi немесе Halyk сервистері арқылы аударым не болмаса банк картасы. Бұл қызметті пайдалану үшін қосымшадағы төлем әдістері бөлімінде картаңызды тіркеу қажет.

Қазіргі таңда бұл мүмкіндік Алматы мен Қарағанды тұрғындарына қолжетімді. Алдағы уақытта бұл қызмет өзге қалаларда да енгізіледі.
“Комфорт” тарифі – одан да жайлырақ. inDrive “Комфорт” тарифін қайта іске қосты. Жүргізушілерге және қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар күшейтілді. Бұл тарифпен енді 4 жылдан аспаған (яғни 2021 жылдан бастап шығарылған) жоғарғы санаттағы көліктер қызмет көрсететін болады.

Жаңартылған “Комфорт” тарифі келесі қалаларда қолжетімді: Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар және Рудный.
“Попутка” (“Жол-жөнекей”) тарифі. Астана, Қарағанды, Теміртау, Рудный, Қызылорда және Атырау қалаларында “Попутка” тарифі іске қосылды. Бұл тариф жолаушыларға бірігіп сапар шегіп, жол ақысын өзара бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде жолаушылар – қаражатын үнемдейді, ал жүргізушілер – көбірек табыс табады.

0% комиссия және жарнамалық кампания. Қызметті ауқымды жаңартуға қолдау ретінде inDrive бірқатар жарқын акцияларды іске қосты. Жүргізушілер назарын аудару үшін компания Алматы қаласында 1 маусымға дейін қызметтік комиссияны алып тастады. Бұл дегеніміз – жүргізушілер өз шарттарымен жұмыс істеп қана қоймай, енді одан да көп табыс таба алады!

Ал кең аудиторияның назарын аудару үшін inDrive танымал актер әрі режиссер Нұрлан Қоянбаев пен белгілі әнші Садраддин қатысқан ауқымды жарнамалық кампанияны бастады.