Премьер- министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. 11 жекеменшік жылу электр орталығын прокурорлық тексеру нәтижелері қаралды. Олардың кейбірінде жүйелі заң бұзушылықтар анықталды. Премьер- министр жөндеу және жаңғырту жұмыстарының кестесін бекітуді талап етті.

Оны бұзған жағдайда нысандарды мемлекеттік меншікке қайтару жөнінде шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар отырыста ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын газбен жабдықтау саласындағы өнімсіз делдалдарды жою мәселесі талқыланды. Осы компаниялардағы мемлекеттің үлесі бұрын төмен бағамен жеке меншікке берілген болатын. Әлихан Смайылов заңнамаға сәйкес активтерді мемлекеттік меншікке қайтару мәселесін пысықтауды тапсырды.