Қазақстанда көлік саны 5 жарым миллионға жақындады. Бұл тек тіркелгені. Ұлттық статистика бюросы бүгін еліміздегі тіркелген автокөлік құралдарының санын жариялады. Ондағы дерекке сүйенсек, 1 мамырдағы жағдай бойынша 5 миллион 442,9 мың бірлікті құраған. Оның ішінде 88%-ы жеңіл автомобильдер, 9,9%-ы жүк автомобильдері және 2,1%-ы автобустар. Ал жеңіл көліктер тізбегінде 20 жылдан асып кеткендер мөлшері – 44,8%, 10 жылдан асқан, бірақ 20 жылдан кем – автомобильдер 23,6%, 7 жылдан асқан, бірақ 10 жылдан кем – 12,7%, 3 жылдан асқан, бірақ 7 жылдан кем көліктер – 12,7% және автокөлік құралдарының тек 6,2% -ы 3 жылдан кем емес екен.

Шығарылған жылы 20 жылдан астам жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 325,7 мың бірлік, Алматы қаласында – 189,7 мың бірлік, Жамбыл облысында – 167,8 мың бірлік, Қарағанды облысында – 162,8 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облысында-154,4 мың бірлік тіркелді.