Қазақстандық мамандар сейсмикалық аудандастыру картасын әзірледі. Енді елдегі құрылыс сейсмикалық ережеге сәйкес жүргізіледі. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан «Орталық Азиядағы жер сілкінісін болжау, сейсмикалық қауіпсіздік пен қатерді бағалау» атты XI -ші Қазақстан-Қытай халықаралық симпозиумы барысында Сейсмология институты директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков мәлім етті.

Алматыда жер сілкінісін болжау сұрақтары бойынша XI Қазақстан-Қытай халықаралық симпозиумы өз жұмысын бастады. Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің аумағын және халықтың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сейсмикалық қауіпті азайту.Сонымен қатар, сейсмологиялық ғылымды, кешенді сейсмомониторинг жүргізуді, жер сілкінісінің алдын алу жүйелерін дамыту, екіжақты және жан-жақты трансшекаралық байланыстарды кеңейту.

НҰРСӘРСЕН ӨЗБЕКОВ СЕЙСМОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ « Жер сілкінісі қауіпін анықтау мәселесі бойынша, қазір еліміздің сейсмолог мамандары өздерінің ғылыми бағдарламалары бойынша қауіпті аймақтарды аудандастыру картасын жасады. Олар өндіріске енгізілді. Картада елдің сейсмологиялық материалдары, сейсмологиялық құжаттар мен деректер бар. Сондай –ақ құрылыс нормалары жасақталды. Осыны басшылыққа ала отырып Қазақстанда құрылыс сейсмикалық ережеге сәйкес жүргізіледі»,-

Қазақстан-Қытай симпозиумы халықаралық мәртебеге ие болғандықтан, шараға көптеген ғылыми ұйымдар, сондай-ақ Орталық Азия, ТМД, Әзірбайжан, Түркия және Шығыс Еуропа елдерінің басқа да ғалымдары белсенді қатысып жатыр. Ертең, симпозиум аясында секциялық баяндамалар тыңдалады. Ал, 28 қыркүйек күні Алматы облысындағы жер сілкінісіне палеосейсмологиялық зерттеулер жүргізу орнына экскурсия ұйымдастырылады.