Қазақстанға ресми сапармен Ресей Президенті Владимир Путин келді.Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өткен Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді Ақордада қарсы алды. Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Осыдан кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысының дерегінше, Ресейден Қазақстанға тікелей инвестиция көлемі 20 миллиард доллардан асты. Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік қатысуы бар 42 мыңнан астам кәсіпорынның жартысына жуығын, 19 мыңын ресейлік компаниялар құрап отыр.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Осы орайда Мемлекет басшысы осы жылдың қыркүйек айында Астанада «Иннопром» халықаралық өнеркәсіп көрмесі өткенін, онда екі елдің өнеркәсіптік кооперациялары арасындағы жаңа көкжиек талқыланғанын еске салып өтті.