"

Алматыда футболдан баспасөз мәслихаты өтті. Ертең, 6 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойынын Алматыдағы Орталық стадионда Норвегияға қарсы өткізеді. Бас бапкер команданың дайындығы туралы айтты.

Баспасөз мәслихатында  ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов спортшылардың дайындығы, осыған дейін жарақат алған футболшылардың ойынға қатысу-қатыспауына байланысты пікір білдірді. Сондай-ақ әлем чемпионатының іріктеу ойындарына ілігу керектігін атап өтті. 

СТАНИСЛАВ ЧЕРЧЕСОВ ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ «Кез келген спортшының міндеті – максимумға жету. Біз енді С лигасында емес, В лигасындамыз. Мұндағы қарсыластарымыз қағаз жүзінде бізден әлдеқайда күшті. Мұны мойындау керек, бірақ бұл ештеңені білдірмейді. Ертең біз бәрін жаңадан бастаймыз және Ұлттар лигасы арқылы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына дайындалу үшін бар күшімізді саламыз. Максимнің жарақаты Рамазанның жарақатынан ауыр. Екеуі де құрамаға келді,жаттығу жасап үлгерді. Жарақатының қандай деңгейде екенін мен нақты айта алмаймын, бүгін кешке дәрігерлер тексеріп, соңғы сөзді сол мамандар айтады. Ойнауға болады десе ертең алаңнан көресіздер». 

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Норвегияға қарсы алдағы матч туралы пікір білдіріп, ойыншылардың тактикалық дайындығына тоқталды. 

АСХАТ ТАҒЫБЕРГЕН  ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ «Ойын тактикасы деген Қазақстан футбол спортшыларының проблемасы шығар деп ойлаймын. Алдыңғы жылдары аз ойнап жүріп нәтиже көрсетіп жүрдік. Ұлттық құраманың ойындары ерекше болды. Біз тек ойынмен емес, жүрекпен ойнаймыз. Алдағы ойындарда жеңіске жетеміз деген сенімдеміз. Әр цикл басталған сайын бізден нәтиже күтпейді». 

Бас бапкер ғана ауысты. Ауысқан жоққой көбісі. Бір отбасы ретінде халқымыз, еліміз, жеріміз үшін. Намысын қорғауға тырысамыз. 

Бас бапкер журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, қазақ тілін үйреніп жүргендігін мәлімдеді. Ертеңгі ойын, ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтің жаңа лауызымына келген кездегі алғашқы ойыны болмақ.