Адамдар жанын сергітіп, миын тынықтырумен қатар денсаулыққа пайдалы демалыс орындарын іздейтіні сөзсіз. Осындай туристік орынның бірі Алматы облысы Қарадала өңіріндегі Арасан. Толығырақ емдік қасиеті бар ыстық су орындарын көзбен көріп тілші бейнематериалында.
Бұл өлкеде туризмді дамытумен қатар жанға жайлы демалыс сыйлауға арналған орындар жетерлік. Соның бірі Бәйтерек демалыс орны. Қалталарындағы бар қаржысын салып демалыс орнын ашқан ерлі зайыпты Зәуре Молжігітова мен жұбайы демалушыларға бар жағдайды жасауға тырысқан. Алайда ақсап тұрған бір мәселе бар екен.
ЗӘУРЕ МОЛЖІГІТОВА КӘСІПКЕР
2013 жылдан бері қолға алынған жобаға атқамінерлер сіздерге қолдау болады деп құрғақ уәдені үйіп төккенімен барлық мәселені шешу үшін өз қаражаттарын жұмсаған. Жазық даладан өз қаржыларына жол да тартқан.
ЗӘУРЕ МОЛЖІГІТОВА КӘСІПКЕР
Пейілдеріне қарай бұл жердің суы да ерекше болып шыққан. Мұны байқаған демалушылар жыл сайын арнайы ат басын бұрады екен. Жасы 75 ті алқымдаған Асқар ағаның айтуынша бұл жердің суы көптеген ауруларға ем.
АСҚАР АҒА ДЕМАЛУШЫ «Бұл жерге жиі келемін. Төңіректің бәрінде осындай демалыс орындары. Барлығында болдым,алайда осы Бәйтерек демалыс орнына тоқтадым. Мамандығым геолог болғандықтан судың құрамын жақсы білемін. Дәрі ішіп,емхана жағалағанша осы жердің суына түскен өте пайдалы. Асқазан аурулары болсын, тері аурулары болсын емдік қасиеті жоғары. Достарым көп,тіпті көрші Ресейден де достарымды осы жерге шақырамын. Дәрігерлердің өзі бұл жерге келіп таңданып жатады.»
Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде деген дана халқымыз. Содан да болар Қарадала өңіріндегі емдік қасиеті бар демалыс орнына ағылатындар қатары жылдан жылға артып келеді. Ал кәсіпкерлер мұндағы жол жайы тезірек шешімін тапса ішкі туризмнің дамуы гүлдене берер еді деген үмітте.