Алматы облысы,Қарасай ауданында еліміздің бірлігі жарасқан ұлттарының достығын,жетістіктерімізді,стратегиялық мүддемізді айшықтайтын  Республика күні мерекесі аталып өтті.

ЖАСҰЛАН ЕСТЕНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: «Қадірменді қауым,құрметті жерлестер! Басты мейрам ынтымағымызды нығайтып, асқар асулар бағындыруға жетелей берсін. Әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, мол бақыт әкелсін. Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз ғұмырлы,туымыз тұғырлы болсын. Мереке құтты болсын»!

Елдігімізді әлем алдында паш еткен айтулы мерекеде асық ату,тоғызқұмалақ ұлттық ойындарымыз дәріптеліп,көрмеге қойылған қолөнер бұйымдары көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады.

ҚАЙРАТ БАЙБАҚТИНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мынау тыныштық заманда өмір сүріп жатырмыз. Соның барлығы елдің ауыз біршілігі мен ынтымағы деп айтсақ болады. Үлкен азаматтардың қызметте жүріп дұрыс жұмыс істеп ертеңгі күнімізге болашағымыды жарқын қылуымызға атсалысуымыз керек. Мына мемлкетіміздің іргесі тыныш болып,кеңбайтақ даламыз мына ұрпаққа бұйырып тұғырымызды биік көтеріп туымызды тік ұстап жүретін салиқалы ұрпақ нәсіп етсін».

Бұл күні Өзбек,Ұйғыр,Түрік этномәдени орталықтары құрылып қазақ еліне деген ықыластарын танытып ән-билерімен мерекелік шашу шашты.

ИЛИМДАР КАМИЛОВ ТҮРІК ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Қазақ елі,қазақ жері қасиетті жер. Көріп тұрсыз мына жақта барлық ұлттар қатысып жатыр. Себебі біз Қазақстанның азаматтарымыз. Қазақстанымыздың қанатиы қатая берсін. Берекелі мерекелі болайық. Байрағымыз күнге жетсін. Соған бәріміз ағайын болып бірігіп еңбек қылу керек».

Білім,денсаулық сақтау саласында қызмет атқарып еліміздің дамуына зор үлестерін қосқан аудан азаматтары марапатталып,еңбектері еленді.Елдігіміздің тұғыры мықты,тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!