Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына жасаған Үндеуі елдегі саяси үдерістердің маңызын айқындап, әр азаматтың сайлауға саналы түрде қатысуының мәнін көрсетті. Мемлекет басшысы сайлаудың тарихи маңызын атап өтіп, ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың өз азаматтық парызын орындауы қажеттігіне назар аударды.
Үндеудің маңыздылығы орасан зор. Президент өткізілетін сайлаудың артықшылықтарын саралап, оның тарихи құндылығын айқындап берді. Ұлтымыздың болашағына алаңдаған әрбір азаматтың сайлауға қатысуы маңызды екенін атап өтіп, әр сайлаушы өз азаматтық парызын орындайды деген сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру бағытындағы жұмыстарға да ерекше тоқталды. Құрылтай сайлауы қарсаңындағы дайындық жұмыстарының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар ел болашағын ойлайтын, мемлекет дамуына өз үлесін қосуға дайын жастардың бар екеніне назар аударды.
Соңғы жылдары елімізде көптеген реформалар жүзеге асырылып, маңызды шешімдер қабылданды. Дегенмен Қазақстанның даму бағдарына сәйкес алда атқарылатын ауқымды жұмыстар әлі де бар. Сайлау қарсаңында еліміздегі партия өкілдері түрлі кездесулер ұйымдастырып, пікірталастар өткізіп, өз бағдарламаларын таныстырды. Осылайша әр азаматқа өз таңдауын жасауға барлық мүмкіндік берілді.
Бұл – еліміздің саяси мәдениетінің артқанын көрсететін маңызды кезең. Болашақ Құрылтай құрамына өз ісінің мамандары, білікті әрі бәсекеге қабілетті азаматтардың келуі әр қазақстандықтың сайлауға қатысу белсенділігі мен саналы таңдауына байланысты.
Президенттің: «Біз бірлік пен келісімнің және ынтымақтың арқасында Әділетті Қазақстанды құру ісінде зор жетістікке жеттік», – деген пікірінің де маңызы зор. Бұл ұстаным елдің одан әрі дамуы үшін қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністіктің қажеттігін көрсетеді.
Осы ретте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, докторанттары, магистранттары мен студенттері Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына белсенді қатысып, өз азаматтық таңдауын жасайды деп сенеміз.
Елдің болашағы – әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан сайлауға қатысу – тек дауыс беру ғана емес, мемлекет дамуына деген азаматтық ұстанымды білдірудің маңызды көрінісі.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, қауымдастырылған профессор Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доцент м.а., PhD доктор Аккузова Айнур Абдыжалиловна
