Қатты жауған жаңбыр салдарынан Аргенитаның Корриентес провинциясын су басты. Тұрғындар биліктен көмек жоқ екенін айтып, шағымданып жатыр.

Бұл Аргентинаның солтүстік-шығысында орналасқан Корриентес қаласымен аттас провинция. Бірнеше күннен бері су астында қалды.

КОРРИЕНТЕС ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Көптеген көршіміз бәрінен – барлық заттарынан айырылды. Үйдің ішіне кіріп көріңіз, түк жоқ».

Су тасқынына демалыс күндері аймақта жауған толассыз жауын себеп болды. Қалаға 300 миллиметр жауын-шашын түсті. Билік мұны Корриентес тарихындағы ең нашар климаттық апат деп атады. Жергілікті тұрғындар үкіметтен ешқандай көмек көрмедік деп шағымдануда.

КОРРИЕНТЕС ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бізге ешкім келмейді. Провинция билігі мүлдем көмектеспейді.Жәрдем жоқ. Адамдар су астында қалып жатсада, ешкім  қол ұшын бермеді. Бұл дұрыс емес».

Корриентес провинциясында су тасқыны салдарынан 800-ден астам адам эвакуацияланды.