Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы қызыл аймақта тұр. Ондағы 15 елді мекенді су басуы мүмкін. Осыған байланысты қар шығару жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі уақытта аталған елді мекенге 20 аса техника жұмылдырылып, 42 мың текше метрге жуық қар полигонга шығарылған. Сондай-ақ, бұл жұмыстар тәулік бойы жалғаспақ.

АХМЕТХАН ТОБЫЛБАЕВ СҚО ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ БОЙЫНША БАС ИНСПЕКТОРЫ: «Аудан әкімінің тапсырмасына сай көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Жалғызілікті адамдар және халықтың әлеуметтік осал тобына жататын отбасылар басты назарға алынды. Олардың үйлерінен қар шығару жұмыстары алдағы 1 ай көлемінде  жүргізіледі». 

Көктем келсе үйінің маңын су басатын Бескөл ауылының тұрғыны Надежда Баскакова да өз шағымын жеткізді. Ол бұл үйде 50 жылдан аса тұрып келеді екен. Тағы да үй маңын су алмас үшін, уақытылы қарды шығару өте маңызды дейді зейнеткер.

НАДЕЖДА БАСКАКОВА БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Шынымды айтсам менің үйімнің аумағынан қарды шағурға мамандар алғаш рет келіп тұр. Өте ризамын. Себебі, жыл сайын көктемде осы қар еріп, су басатын.Бізге қар шығару өте қиын. Бірақ шамамыз келгенше өзіміз істейтінбіз. Көршілерім өте жақсы. Өз үйлерінің аумағын қардан тазалағанда бізге де көмектеседі».

Бүгінге дейін ауданнан 28 үй қардан тазартылды.