Қызылорда облысының әкімі интернетте тараған даулы видеоға қатысты пікір білдірді. Айта кетейік, әлеуметтік желіде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев түсірілген видео жарияланып, халық арасында наразылық тудырған еді. Мына кадрда облыс басшысы тұрғындарға кілт табыс ету рәсіміне қатысып жатқаны анық көріненді. Сахнаға кезекті пәтер иесі шыққанда Нұрлыбек Нәлібаев кілтті басқа біреудің тапсыруын нұсқайды. Аймақ басшысы мұндай келеңсіз оқиға болмағанын, резонанс тудырған видео монтаждалғанын айтты.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: «Арал ауданында үй табыстауда болған жағдай. Шын мәнінде сіз айтып жатқандай келеңсіз оқиға орын алған жоқ. Кеше маған баспасөз хатшым баяндады. Мұны шығарған азаматтардың ары білер. Өздеріне рейтинг көтеру үшін істеген. Монтаждап, менің баспасөзім айтуы бойынша, жылдамдығын көтеріп, аяғын, басын алып тастаған. Олар кешірім сұрады. Мойындады.Мен олардың кім екенін білмеймін».