Қызылорда облыс әкімінің қолдауымен түрлі мамандықтарға 100 оқу гранты бөлінді. Бірақ бұл тек әлеуметтік жағдайы төмен және халықтың осал топтарынан шыққан талапкерлерге қатысты.

ҒАБИТ ЖАҢАБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  "Биылғы жылы 102 студент оқуды аяқтап, диплом алған. Оларды жұмыспен қамту мақсатында «жұмыс іздеуші» ретінде тіркеуге алып, жастар тәжірбиесі, «Ұрпақтар сабақтастығы» мен «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша жұмыспен қамту шаралары жүргізілуде.Бүгінгі күнге облыс әкімінің қолдауымен 100 студентке облыстық бюджеттен 99,3 млн. теңге қаражат бөлініп, аудан, қала бюджеттеріне жеткізілді. Жоспарланған 100 мамандықты даярлау үшін жоғары оқу орындар арасындағы бөлініс келесідей:55 грант - Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, 10 грант Қызылорда «Болашақ» университеті, 5 грант Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, 13 грант – Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті, 7 грант – Қарағанды медицина университеті,8 грант С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, 2 - грант Нұр-Мүбарак Египит Ислам мәдениеті университетіне берілді".