"

Қызылорда өңірінде алып сәби дүниеге келді. Салмағы 6 келіге жуық батыр бала анасының сегізінші перзенті. Қазіргі таңда ана мен бала дәрігерлерінің бақылауында.

37 жастағы көпбалалы ана Айгүл Дүйсебаева Жаңақорған ауданының тумасы. Сегізінші  ұл перзентін 5 келі 600 грамм 56 см етіп дүниеге әкелеген оның, бұған дейін де 7 тізгін ұстары бар. Айгүл Дүйсебаеваның айтуынша жетінші баласы 4 келі 800 грамм болып дүниеге келген. Бұл отбасындағы балалардың үлкені 15 жаста, кішісі 4 жаста.

АЙГҮЛ ДҮЙСЕБАЕВА КӨПБАЛАЛЫ АНА

Алтын құрсақты ананы ақ халатты абзал жандар жүктіліктің 42 аптасының 2-ші күнінде кесір тілігі арқылы босандырып алған. Қазір жағдайлары жақсы.

Дүниеге келгеніне бір апта болған шақалақ дәрігерлердің жіті бақылауында.

БАЗАРКҮЛ ИСАЕВА «АНА МЕН БАЛА» ОРТАЛЫҒЫ НӘРЕСТЕЛЕР БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Облыстық перинаталдық орталықта жыл басынан бері салмағы 4 келіден асатын 1546 сәби, ал салмағы 5 келіден асатын 38 бала дүние есігін ашыпты.