Қырғызстандағы ауыр жағдайдан қаза тапқан бауырларымыздың денесі ШҚО Өскемен қаласына арнайы бортпен жеткізілді. 

Облыс әкімінің тапсырмасымен қара жамылған үйге  жедел штаб құрылды. Өңір басшысы Ермек Көшербаев марқұмдардың жерлеу рәсімін өткізуді өз қолына алып, бақилық бүлдіршіндердің отбасымен кездесті. Сондай ақ, әкімдік қызметкерлері мен қала тұрғындары да қаралы үйдің мүшелеріне қайғыра көңіл айтты. 

ТОМИРИС ҚАБАЕВА ШҚО ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ «Екі отбасының 4 баласы бір-бірлеріне туыс болып келеді. Екі баланың анасымен бірге Қырғызстанға қонаққа барған. Қыдыруға шыққан кезде, сел тасқынына түскен».