Соңғы уақыттардағы қаһарлы қыстың зардабы Ақмола облысына да жеткен болатын. Тобықтан аса жауған қар мен бет тостырмас желдің салдырынан облыстық және республикалық жолдар жабылды.

Табиғат құбылысының зардабынан Жарқайың ауданына қарасты Тасты, Талды ауылының маңынан өтетін Жезқазған-Петропавл тасжолында 20-дан астам автокөлік жол бойында қалған болатын. Құтқару мамандарын күтпестен бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарған Жаңадала ауылының тұрғындары мен Арқалық қаласының әкімі қар құрсауындағы адамдарды дереу жылыту бекеттеріне алып келген.

КӨКЕТАЙ ХАМЗИН АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҢАДАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: «Екі камаз тұр екен қоймен. Сол кішкене қиыншылдық туғызды.Бізге хабарлады екі камаз Тасты талды  ауылдан 5 шақырым жерде тұрып қалыпты.Тракторларды шығара алмадық. Өйткені, түкте көрінбеді. Содан ауданымыз Арқалықпен хабарласып, Арқалықтың ЧС-тің үлкен машинасы шықты қармен өтетін. Сол келіп, соған біз Тасты талдыдан жаңағы шөп, отход бәрін тиеп жібердік. Сонымен жаңағы қойлар аман қалды».