Теміртау, Риддер, Екібастұз, Жезқазған және Маңғыстау облыстары тәуекел аймағында тұр,яғни халық қыста жылусыз қалуы мүмкін. Себебі, жылу электр станцияларын жөндеу жұмыстары жоспарланған кестеден кешігуде. Бұл туралы Үкіметте өткен жиында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты. Одан бөлек, министрлер кабинеті егін науқанына дайындық жұмыстары туралы мәселені де талқылады. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
Республика бойынша барлық аймақта егін ору науқаны басталды. Биыл шаруалар үшін оңай болмаған. Аптап ыстық пен құрғақшылық фермерлерді әбден мезі еткен.
ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
«Ағымдағы жылы вегетациялық кезеңде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құрғақшылыққа және суармалы судың болмауына байланысты бірқатар проблемаларға кез болды, бұл дақылдардың жай-күйіне әсер етті. Облыс әкімдерінің ақпараты бойынша 45,1 пайыз жақсы, 46 пайыз қанағаттарлық, 7,5 пайыз нашар жай күйде».
Деседе, үкіметтегілер алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр. Шаруаларға мемлекет тарапынан көмек берілген. Оның үстіне коорпорациялық қорда бидай жеткілікті. Сондықтан, нан бағасы әзірге өспейді деп отыр үкіметтегілер
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
«Өздеріңіз білетіндей, жаз айлары жылдағыдан ыстық болды. Құрғақшылықтан бірқатар өңір зардап шекті. Оларда жиналатын өнім көлемі азайып қалайын деп тұр. Жағдай бақылауда. Жеткілікті көлемде өнім жиналады. Қазақстандықтар нансыз қалмайды».
Одан бөлек, отырыста алдағы жылыту маусымына дайындық туралы мәселе көтерілді. Кей өңірлерде жағдай тіптен мәз емес. Қыста күтпеген жағдайлардың туындауы әбден мүмкін.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
«Кестеден кешігу байқалып отыр. Кей жағдайларда жөндеу жұмыстарын келесі жылға ауыстыру фактілері орын алуда. Сондықтан қыс уақытында осы объектілердің тұрақты жұмысында тәуекелдер туындауы мүмкін. Мәселен, Теміртау, Риддер, Екібастұз, Жезқазған қалалары мен Маңғыстау облысы тәуекел аймағында екенін атап өткен жөн».
Айта кетейік, жылыту маусымына 1 айдан астам уақыт қалды. Сондықтан, үкімет басшысы дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Үкімет отырысы: Жылу мәселесі
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 404 рет қаралды