Елде ұн бағасы көтерілді. Наубайханалар мен халық көп тұтынатын 1 сұрыптағы  ұн бұған дейін 8 мың теңге болса, бүгінде 14 мың теңгеге дейін жеткен. Бағаның күрт өсуіне не себеп? Келесі тақырыпқа назар аударсақ.

Бір апта бұрын 8 мың теңгеден сатылған бір қап ұнның бағасы шарықтап кетті. Саудагерлердің сөзінше, баға күн санап өсуде. Салдарынан нан өнімдерінің құны да көтеріле бастаған. Қымбатшылық қыспаққа алды деген қараша ұнды келілеп ала бастаған. Мәселен, мына 2 келілік ұнның өзі 850 теңге.  

Баға өсуі,талдықорғандық кәсіпкерлерді де тығырыққа тірей бастаған.Мәселен 

Жайнагүл Сейітқалиеваның кірісінен шығысы көбейген.Самса, бәліш, тұшпара түйіп, нәпақасын табатын келіншек, ұнның шарықтағанына қапалы. Тіпті, саудамызды ақтамайды деп отыр.

ЖАЙНАГҮЛ СЕЙІТҚАЛИЕВА  – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Алдыңғы аптада ғана ұнның бағасы 7500 болған,осы жолы барсам 25кг 14 мың болып тұр. Мен мысалы, полуфабрикат жасап, магазиндерге өткіземін, оны біз енді бағасын қымбаттатайық десек, қымбаттата алмаймыз. Ал, үйтпесек, ұнның бағасы шарықтап тұр. Бәліш,тұшпара жасасаң өте қымбат бағаға елдер де ала аламайды, оны бізде үйтіп өткізе алмаймыз».

Сондай-ақ, өңірде ас атасының да бағасы өскен. Қаладағы кейбір дүкендерде нанға 5-10 теңге қосылған. Наубайшылар бағаның өсуін ұнның қымбаттауымен байланыстырады.Текелілік Сәкен Сандыбаев 8 түрлі нан, 2 түрлі тоқаш пісіреді. Әзірге ескі бағамен дүкендерге өнім өткізіп жатыр. Десе де, ұн бағасы осы қалыпта қала берсе, нанның да бағасы өседі  деп отыр.

СӘКЕН САНДЫБАЕВ — НАУБАЙХАНАШЫ

 Ал, салаға жауаптылар бағаның өсуін әлемдегі геосаяси жағдаймен байланыстырады. Салдары елдегі нарыққа бірден әсерін тигізіп отыр.

МИРАС АХМЕТСАПА -ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ