Әзербайжан мен Армения билігі Таулы Қарабақ үшін әзірге ешқандай келісімге қол қойылған жоқ.Евлахтада этникалық армяндардың тағдырына байланысты келіссөздер жүргізді.

Қарабах өкілдері Әзербайжан күштерін атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптауда. Олардың айтуынша, келіссөздер күні Степанакертте атқылау ары қарай жалғасқан. Әзербайжандықтар айыптауды жоққа шығарады. Степанакерт тұрғындары босқындар үйлерінің жертөлелерін паналауда.

СТЕПАНАКЕРТ ТҰРҒЫНЫ: «Мен үйімнен ештеңе алмай шығып кеттім. Менде бірдеңе алатындай мүмкіндік болмады. Енді алдағы уақытта не болатынын білмеймін».

Қалада электрмен және сумен жабдықтау уақытша тоқтап тұр. Сонымен қатар, лачинский дәлізінің қоршалуына байланысты адамдар бірнеше ай бойы қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмектердің жетіспеушілік жағдайында өмір сүруде.

СТЕПАНАКЕРТ ТҰРҒЫНЫ: «Менің атым Варт. Менің 4 балам бар. Біз қазір баспанасызбыз. Соның салдарынан балаларым суық жерде қалып, ауырып қалды. Олардың ыстығы көтеріліп, тамақтары ауыруда. Дәрі-дәрмегіміз де жоқ. Тым болмағанда дәрі-дәрмекті балаларыма беріңіздерші».

Мыңдаған этникалық армяндар Степанакерт әуежайына жиналды. Көбісі Ереванға ұшуға дайындалған. Бірақ әуе кеңістігі әлі жабық. Адамдарды сумен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін 5000 адам Ресей бітімгерлерінің аумағын паналады.

Бұл – армян-әзербайжан шекарасы. Мұнда армяндар достарымен немесе туыстарымен кездесеміз деген үмітте отыр. Ер адамдар шекарашылармен көп сөзге келіп қалуда. Сол себепті олар, ресейлік және әзербайжандық позицияларға барғылары келеді. Осы негізде Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян елдің босқындарын қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

НИКОЛ ПАШИНЯН АРМЕНИЯ ПРИМЬЕР-МИНИСТРІ: «Армения 40 мың отбасын қабылдауға дайын. Бірақ біз бұл туралы айтқымыз келмейді. Неліктен? Себебі, біз Таулы Қарабақтағы армяндар өз үйлерінде, өз жерлерінде өмір сүруге лайықты және қауіпсіз жағдайда өмір сүруі керек деп санаймыз».

Әзербайжан Президентінің көмекшісі жақында Қарабаққа гуманитарлық көмек жіберілетінін айтты.

ХИКМЕТ ГАДЖИЕВ ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ: «Біз бірінші кезекте мектептер мен ауруханаларды, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімдері мен жедел медициналық көмекті қоса алғанда, жедел жәрдем қызметтерін отынмен қамтамасыз етеміз».

Әзербайжан осы жылдың 19 қыркүйегінде шабуыл қимылдарын бастады. Қарабах армяндарының қорғаныс күштері қарсылық көрсете алмай, жеңілулеріне тура келді.