Әйгілі француздық "Өрмекші адам" атанып кеткен Ален Робер бұл жолы рекорд орнату үшін емес, игі мақсатпен тағы бір биіктікті бағындырды.

Ален Робер Израиль мен палестиналықтар арасындағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты елдерді бейбітшілікке шақыру мақсатында Париждің Ла Дефанс іскерлік ауданындағы 220 метрлік зәулім ғимаратқа көтерілді.

АЛЕН РОБЕР - "ӨРМЕКШІ АДАМ"  "Мен бейбітшілік үшін көтерілемін. Палестина немесе Израиль жағында емеспін. Менің таңдауым өмір, махаббат. Бірақ менің ойымша, екі тарап бір-бірін тыңдап, ұзақ мерзімді бейбітшілік келісімдеріне қол қоюы керек".

Ғимараттың төбесіне көтерілу екі сағатқа созылды. Әдетте, Ален Робер арнайы құрал-жабдықтарсыз және сақтандырусыз өрмелейді. Қолдары мен арнайы аяқ киімнің сырғып кетуіне жол бермеу үшін тек тальк ұнтағын пайдаланады.

АЛЕН РОБЕР - "ӨРМЕКШІ АДАМ" "Израиль мен Палестина 70 жылдан астам уақыт бойы соғысып келеді. Соғыстыңда тоқтауы керек шығар. Әлемде келіссөздер үстеліне отыруға және екі тарапты да қанағаттандыратын бейбіт келісімдерді талқылауға шамасы келетін саясаткерлер жеткілікті".

Робер саясаткерлерді бейбітшілікке шақырды, әйтпесе "Әлем үшінші дүниежүзілік соғыстың алдында тұр"деп қосты. Ален Робер, бүкіл әлем бойынша биік ғимараттарға өрмелейді. Оның есебінде 100-ден астам биіктік бар.Бағындырылған нысандардың қатарына Эмпайр стейт билдинг, Эйфель мұнарасы және Дубайдағы "Бурдж Халифа" зәулім ғимараты кіреді.