Бас прокуратура Қаржы мониторингі агенттігіне Әлия Назарбаева мен Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасының әйелі Валентина Рогованы рейдерлік жолмен құны 170 миллион доллар болатын бизнесті басып алды деп айыптаған кәсіпкердің арызын жолдады. 28 ақпанда Астанада баспасөз мәслихаты өтіп, оның барысында кәсіпкер Нұрлан Бимурзин бірінші президенттің қызы Әлия Назарбаеваның (2003 жылғы есеп бойынша) құны 170 миллион доллар болатын жұмыс істеп тұрған бизнесін тартып алғанын мәлімдеді. Әңгіме жеті мұнай базасы мен 96 жанармай құю бекеті туралы болып отыр.

Нұрлан Бимурзин өз мәлімдемесінде 20 жыл бұрынғы оқиғаға қатысы бар делінген Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасының әйелі Валентина Рогованы да тілге тиек еткен болатын.